Біз туралы

Біздің компанияның негізін қалаушылар - білім саласының мамандары. Біз білім саласына оң өзгеріс әкелетін өнім жасаудамыз. Біз мектеп оқушыларының зияткерлік және шығармашылық дарынын анықтау және дамыту бағытындағы жұмысты автоматтандырамыз. Сонымен қатар дарынды оқушыларды жетелеу шараларын өзге деңгейге көтеретін Bilim Analytica цифрлік платформасын ұсынамыз.

Біздің көзқарасымыз

Әлемнің ойшылдары 21 ғасырда білім беру жүйесі қандай болуы керек деп тынымсыз ізденуде. Біз білім саласының келешегі деректерде және әр оқушының жеке (дифференциалданған) даму траекториясында деп сенеміз. Әр бала дарынды, және ол дарынды анықтау мүмкін екеніне де кәміл сенеміз.

Біздің миссиямыз

Жаһандық экономикалық өзгеріс жағдайында біздің білім саласын бәсекеге қабілетті ететін құралдар жасау. Тиімді шешім қабылдау, білім беруді тиімді басқару және жас таланттарды қолдау салаларына цифрлық тәсілді енгізу.

Біз жайлы

50+

50 астам мектепті жүйеге қостық

12 000+

12000 астам оқушының қызығушылығы мен дағдысын анықтадық

100+

Үнемі жаңа функционал қосудамыз

Презентация жүктеу